«Жалпы, республикалық «референдум» немесе «плебесцит» латын тілінен аударғанда «халықтың шешімі» деген мағынаны білдіреді. Мұндай мемлекеттік маңызы бар өзгерістердің тағдырын Қазақстан азаматтары өзі шешпек. Бұл әлемдік практикада қалыптасқан ең демократиялық жол. Өйткені, бұған дейін үш конституциялық реформа өткізілді. Ол Парламент арқылы жүзеге асырылды. Бұл жолы референдум жолы таңдалды. Қазақстанда референдум бұрын екі рет өткізілген. Шетелдік тәжірибеде референдум институты кең тараған. ХІХ ғасырдан бері, мысалы, Швейцарияда 500-ден артық референдум өткізілген. Бұл референдумдарға заң жобалары, конституциялық өзгерістер, елдің аумақтық өзгерістері, басқа да маңызды мәселелер енгізілген. Бұл жердегі мақсат бір – тағдыршешті мемлекеттік шешімдерді халықтың тікелей қатысуы арқылы қабылдау», - деді спикер мысал келтіре отырып.