Қатысушылар арасында Өзбекстанның әртүрлі халықаралық институттары мен университеттерінің ғалымдары, сарапшылары, БАҚ және қазақ диаспорасы өкілдері болды.

Елші Дархан Сатыбалды дөңгелек үстелге қатысушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған саяси реформалардың ауқымды бағдарламасымен таныстырып, суперпрезиденттік басқару формасынан ықпалды парламент пен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті өтуді бекітуге, барлық мемлекеттік модельді трансформациялауға, өзара қарым-қатынастардың оңтайлы теңгерімін қалыптастыруға бағытталған конституциялық реформаның ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сарапшылар Жаңа Қазақстанның құрылысына бағытталған алдағы трансформацияларға оң баға беріп, қоғамды демократияландыру жолындағы басты міндет демократиялық реформаларды одан әрі ілгерілету, елдің табысты саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін Конституцияны жетілдіру болып табылатынын атап өтті.

«Bilim Karvoni» мекемесінің басшысы Фарход Толипов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай, өз баяндамасында екі ел арасында барлық деңгейлерде қарқынды дамып келе жатқан бағыттарға тоқталып өтті.