«Олардың ішіндегі ең басымдылары - алтын, мыс, қорғасын, мырышқа тоқталайын. Алтын кен орындарының негізгі қорлары Шығыс Қазақстан облысында шоғырланған, бұл жалпы қорлардың 36%-ын, Ақмола облысында - 21% – ын, Қарағанды облысында – 11% - ын құрайды. Мыс қорларының 82% - ы елдің шығыс және орталық өңірлерінде шоғырланған. Қорғасын-мырыш кен орындарының 41% - ы Орталық Қазақстанда, 33% - ы Шығыс Қазақстанда және 21% - ы Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған», - деп атап өтті спикер.