«Вольфрам, молибден, алюминий, қалайы, сирек кездесетін жер және басқа да пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын ашу перспективалары бар. Осы мақсаттарда жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту үшін мемлекет жер қойнауын геологиялық зерттеудің ерте сатыларын: алаңдарды геологиялық жете зерттеуді, геологиялық-минерагендік картаға түсіруді, терең геологиялық картаға түсіруді жүргізеді, оның нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға одан әрі тарту үшін перспективалы учаскелер айқындалады. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Геология саласын дамыту» бағытын қамтитын «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы қабылданды. Жоба аясында 2026 жылға қарай зерттеулердің жалпы ауданы 680 мың км2 - ден асады», - деді спикер.  


Ұлттық жоба шеңберінде 2021 жылы 79 объектіде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жұмыстар қолға алынды. Биыл мемлекеттік бюджет есебінен жұмыстар 103 объектіде жүргізілуде.