Чех Республикасының сыртқы саяси ведомствосының Мемлекеттік хатшысы Милослав Сташекпен келіссөздер барысында тараптар екіжақты қатынастардың кең спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту туралы уағдаласты.

Коронавирустық пандемияға байланысты жаһандық экономикалық жағдайдың нашарлауына қарамастан, екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты деңгейде сақталды: мысалы, 2021 жылы Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара сауда 260 млн АҚШ долларын құрады. Бұл Қазақстаннан экспорттың 16,9%-ға ұлғаюына байланысты болды.

Бүгінде Қазақстан экономикасына инновациялық және жаңа индустриялар, нано технологиялар, Чехияның жаңартылатын энергетика және машина жасау салалары, сондай-ақ екі елдің тауар айналымында маңызды орын алатын ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық қызықты. Ынтымақтастықтың, оның ішінде іскерлік және туристік ынтымақтастықтың дамуына 2022 жылғы 12 маусымнан бастап Қазақстан мен Чехия арасында тұрақты әуе қатынасының ашылуы қосымша серпін береді («FlyArystan» компаниясы «Ақтау-Прага» рейсін жүзеге асыратын болады).

2022 жылдың екінші жартысында Чехияның Еуропалық одаққа төрағалығын ескере отырып, тараптар ҚР-ЕО форматындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. ЕО басшылығындағы чех миссиясының маңызды басымдықтарының бірі энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Чехия бүгіннің өзінде Қазақстаннан жеткізілімдер есебінен өзінің мұнайға деген қажеттілігінің үштен бір бөлігін жабатыны атап өтілді, осыған байланысты Еуразиядағы күрделі геосаяси жағдай аясында болашақта осы жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Прага қаласындағы жұмыс сапар аясында Р.Василенко Чехия Президенті Кеңсесінің (Президент Әкімшілігі) Халықаралық бөлімінің директоры Рудольф Йиндракпен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды.

Р. Василенко чех сұхбаттастарын Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев ұсынған елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Чех дипломаттары әріптестік жылдарында қол жеткізілген екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін және олардың одан әрі дамуының үдемелі сипатын атап өтіп, «Жаңа Қазақстанды» құруға бағытталған еліміздегі саяси реформалардың жаңа бағытына қолдау білдірді.

Сапар соңында Р. Василенко Чехияның «ČTV» федералдық теледидарда және басқа да бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді. Чех журналистерін Қазақстанның Украинадағы жағдайға, Чехиямен және ЕО-мен өзара іс-қимылға, сондай-ақ 2022 жылғы 5 маусымда өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумға қатысты мәселелер қызықтырды.