«Медициналық пойыздар халыққа үміт беретін, көмек беретін қызметтердің бірі. Мысалы, 2019 жылы Жамбыл облысында 8 жасар бала мотоциклден құлап, өте ауыр жағдайда түсті. Оны медициналық пойыздардағы мамандар тексеріп, «ішке қан кету», «бауырдың жарылып кетуі» деген диагноздар дер кезінде қойылды. Бала аман қалды. Сондай-ақ Алматы облысында 4 жасар балаға аутизм диагнозы қойылып, әрі қарай көмек көрсету үшін елордаға жолдама берілді. Маңғыстау облысының 10 тұрғынына онкология диагнозы қойылса, ем-дом жасалды», - деді спикер мысалдар келтіре отырып. 


Оның мәліметінше, жоба алғаш рет 2010 жылы іске қосылып, 2019 жылға дейін жыл сайын іске асырылып келді, бірақ коронавирус індеті кезінде үзіліс алды. Осы кезең ішінде «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» атты үш консультациялық-диагностикалық пойыз Қазақстанның шалғайда орналасқан 1700-ден аса елді мекенін аралап, 500 мыңға жуық тұрғынды тексеруден өткізді, оның ішінде 101 614 бала бар. 1 647 138 диагностикалық ем-шара, 11 мыңнан астам кіші амбулаториялық операция өткізілді. Маммолог мамандар 67 мыңға жуық әйелді қабылдаса, жалпы адамдар дәрігердің қабылдауында 3 млн жуық рет болған.