Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі Ербол Сейпіловтің айтуынша, Қазақстанда, ТМД елдерінде шығарылатын көліктер халықаралық талаптарға сай.  


«Бұл көліктер бірнеше тексеруден өтеді. Оларды шығармас бұрын «көлікті мақұлдау типі» деген арнайы құжат бар. Оны алу - өте қиын процедура. Оның ішіне еуропалық хаттамалар, сертификаттар, декларациялар кіреді. Бұл құжатты алған соң көліктердің барлығы сапасы жағынан тексеріледі. Жалпы дүниежүзілік тәжірибе бойынша әрбір бренд ұстаушы зауыт сол көліктердің шығарылуын әлем бойынша тексереді - сапасын, қауіпсіздік талаптарын. Сондықтан ешқандай күмән болмауы керек», - деді спикер өз жауабында.