Вебинарға қатысушы бола отырып, Сіз мынадай мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз: жануарларға жауапкершілікпен қарауды реттеу қағидалары, жануарларға қарау және оларды ұстау жөніндегі негізгі талаптар, жекелеген санаттағы жануарларды ұстау, қарау және пайдалану кезіндегі ерекшеліктер, қараусыз және қаңғыбас жануарлармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар тақырып бойынша қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алады.

Вебинар ҚР ӘМ «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК YouTube арнасында өткізіледі.

15.00 - де вебинар мемлекеттік тілде өткізіледі.

16.00 - де  вебинар орыс тілінде өткізіледі.

YouTube арнасына сілтеме https://www.youtube.com/user/rkaokz.

Алдағы онлайн-курс бойынша қосымша ақпаратты телефондар арқылы алуға болады: 119; 8 (7172) 58 00 58.