Жобаның мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлар (ауа райының нашарлауы, жолдардың жабылуы және т.б.) туралы халықты уақтылы хабардар ету болып табылады.

Бұл жүйе АҚШ, Жапония, Израиль, Голландия, Чили және Литвада өзін оң жағынан көрсетті.

2022 жылғы 23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында осы жүйе сынамалы түрде  іске қосылды. Халыққа «Президенттік құлақтандыру» және «Ұлттық құлақтандыру»  хабарламасы келді. Жүйе шетелде әзірленген және осы хабарламалардың атауы тестілік болып табылады. Алдағы уақытта хабарламалардың атауы «112» деп ауыстырылатын болады.