2022 жылғы 18 сәуірден бастап 70 мың үміткердің 61 мыңы «Отбасы банктен» жалға алуды субсидиялауға өтінім беруге шақырумен СМС алды. Өтінімдер otbasybank.kz порталында «жалдау ақысын субсидиялау» бөлімінде беріледі. Жалдау төлемдері бойынша мемлекет қолдауына төрт санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үміткер бола алады: 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар; көп балалы отбасылар. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өтінім беру рәсімін түсіндірді.
Бірақ, соңғы 6 айда жалдау бойынша субсидия алуға үміткер отбасылардың орташа айлық жиынтық табысының мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс. Субсидиялауға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қабылданады. Сондай-ақ,«Отбасы банкінде» депозит болуы тиіс, немесе жинақ шотын видеобанкинг немесе «Otbasybank» мобильді қосымшасы арқылы ашуға болады.
Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в
Telegram!