«Жастарға арналған алғашқы бағдарлама – «Алматы жастары» бойынша қазіргі кезде 35-ке дейінгі жастардың бәрі өтініш бере алады. Салалар бойынша шектеулер алынып тасталды. Тек қана Алматы қаласында 1 жылдан астам уақыт тіркеуде болу керек. Осы бағдарлама бүгінде өңірлерге де таралуда. Жергілікті әкімдіктер қолдап жатыр. Бүгінгі таңда «Елорда жастары» бағдарламасы да іске асырылуда. Одан басқа, Тараз, Орал, Көкшетау, Талдықорған сияқты облыс орталықтарының әімдіктері жастарды қолдау бойынша жергілікті бағдарламалар жасап, қолдау көрсетуде. Бұл мәселе Сенатта да қаралды. Үкіметке орталықтандырылған бағдарлама жасау бойынша ұсыныс түсті. Әкімдіктер, министрлік, Отбасы банкі тарапынан ұсыныстар беріліп жатыр. Осы бағдарлама қабылданса, жастардың мәселесі шешіледі деп ойлаймыз», - деді спикер өз жауабында.  


Сонымен қатар, елімізде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыссыз жастарға арналған арендалық тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Жыл сайын үш қала бойынша 29 жасқа дейінгі жастарға 3 мың пәтер беріледі.