Оның айтуынша, 2025 жылға дейін жатар Отбасы банкте 800 мыңнан астам депозит ашып, ақша жинауы тиіс. Сондай-ақ, «Әскери баспана, «Нұрлы жер», «Шаңырақ», нарықтағы 50*50 сияқты барлық бағдарламалар бойынша несие алушылардың ішінде 25% жастар құрауы тиіс. Бір жылда банктен 80 мың несие берілсе, олардың 30-32 мыңы, яғни 25%  астамы жастар болуы керек. Мемлекет осындай міндет қойып отыр. Отбасы банкінің несие портфелі 2 трлн теңгені құрайды. Сонымен қатар, алдағы уақытта соңғы он жылда пәтері болмаған кез келген азаматтың баспана алуға кезекке тұру мүмкіндігі қарастырылуда. Қазіргі кезде заң жобасы Мәжілістің қарауында», - деді басқарма төрайымы.