АЙТЫЛДЫ:

«Барлық транзакциялар мен қаражатты елден негізсіз алып шығатын тұлғаларды нақты бақылауды, тексеруді және бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын.»


Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі


 ОРЫНДАЛДЫ:

2022 жылдың наурыз-сәуір айларында кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 000 АҚШ долларына тең келетін қолма-қол ақша қаражатын заңсыз өткізудің 40 фактісін анықтады.
Барлық тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 551 және 545-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдік валютаны сыртқа алып кетуге тыйым салу күшіне енген соң, кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 000 АҚШ долларын құрайтын қолма-қол ақшаны кедендік шекара арқылы алып кетпек болған 21 факт анықталған.  

Барлық орын алған жағдайлар Нұр-Сұлтан (6 факт) және Алматы (15 факт) қалаларының халықаралық әуежайларында орналасқан кеден бекеттерінде тіркелді.