Кездесу барысында туризм саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ қазақстандық қалалар мен үкіметтік емес ұйымдардың осы ұйымның жұмысына қатысуы мәселелері талқыланды. Бақыт Дүйсенбаев өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудің және Қазақстан қалаларымен серіктестікті жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, У Гёнг Ха Ұйымның қазіргі жұмысы туралы хабардар етіп, болашақта бірлескен жобаларды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар, ол Ұйымның Пусан қаласындағы кеңсесіне барып, қызметімен танысуға шақырды.

Туризмді ілгерілету ұйымы 2002 жылы өңір қалалары арасында нетворкингті қамтамасыз ету, сондай-ақ туризмді ілгерілету және туристік индустрияны дамыту мақсатында құрылды. Ұйымға 136 қала және 55 мемлекеттік емес ұйым, институттар мен қауымдастықтар мүше.