Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 2 халықаралық ұйым мен 9 шет мемлекеттен 66 байқаушы ұсынылды. Оның ішінде: ТМД байқаушылар Миссиясының құрамында 43 байқаушы және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ референдумды бағалау жөніндегі Миссиясынан 10 байқаушы, сондай-ақ Армения, Қырғызстан, Молдова, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия мен Франция елдерінен - 13 байқаушы аккредителді.

Осылайша, бүгінгі таңда Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 105 байқаушыны аккредиттеді.

Аккредиттеуге өтінімдер түскен сайын байқаушылар туралы деректер жаңартылатын болады.

Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу сағат 18:00-де 2022 жылғы 30 мамырда аяқталады.