Нұрсұлтан қаласының маманы, рентген-эндоваскулярлық хирург Евгений Мун қан тамырлары хирургиясы және ренгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің дәрігерлерімен бірлесіп, науқастарға ота жасады. Отадан кейін науқастар бейінді бөлімшеге ауыстырылды.

Мұндай жоғары технологиялық медициналық көмекке жататын және жалпы анестезияны қажет етпейтін оталар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүргізіледі. Тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі А.Рыжковтың бағалауы бойынша өңір дәрігерлерінің шеберлігі мақтауға тұрарлық. Ота барысы бірқалыпты өтті, ұжым үйлесімді жұмыс істеді.

Дәрігерлердің жоғары біліктілігі мұндай оталарды сәтті жүргізуге мүмкіндік береді.