2014-2021 жылдар аралығында бақылау функцияларының негізгі бөлігі әкімдіктердің құзыретінде болған. Өз кезегінде, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті стратегиялық және реттеушілік функциялардан басқа облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің қабылдаған шешімдерінің заңдылығын, сондай-ақ мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырды.

«2021 жылдың өзінде Комитетке мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне 3488-ден астам өтініш келіп түсті, бұл ретте өтініштердің 67%-ы елді мекендердің жерлеріне, 15%-ы басқа санаттағы жерлерге қатысты, ал қалған 18%-ы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге байланысты. Өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер (шағымдар, өтініштер) негізінде 175 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша заңдылықтың бұзылуына жол берген әкімдіктердің және басқа да мемлекеттік органдардың кінәлі лауазымды тұлғаларына қатысты жалпы сомасы 875,1 мың теңгеге 55 әкімшілік іс қозғалды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы әкімдіктер мен мемлекеттік органдардың атына, орындау үшін тиісті 138 нұсқама енгізілді.Әкімдіктердің заңсыз қабылдаған шешімдерінің күшін жою бойынша сот органдарына 18 талап арыз берілді, оның ішінде 16 талап арыз қанағаттандырылды, 2 қараусыз қалдырылды», - деді спикер.