«Әкімдіктер жүргізген жұмыстардың аясында 2019-2021 жылдар аралығында 8,1 млн.га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды, олар бойынша мынадай шаралар қабылданды: 3,4 млн. га шаралар қабылданғаннан кейін жер учаскелерінің бұрынғы меншік иелері мен жер пайдаланушылар игере бастады; 2,1 млн. га мемлекеттік меншікке қайтарылды; 2,6 млн.га мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және халықты ауылдарда ауыл  шаруашылық жерлермен қамтамасыз  ету проблемасы барлық өңірлерде өткір мәселе  болып тұр. Осыған  байланысты бүгінгі күні жерді ұтымды және тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жұмыстар толығымен жүргізілуде. 2021 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы Заңға қол қойды, оған сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау өкілеттіктері ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне толығымен өтті. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың деңгейіндегі мүдделер қақтығысы мәселесі шешілді»,  - деді вице-министр.