Сарапшылар бітімгерлердің оқу процесінің негізгі бағыттарын, соның ішінде ағылшын тілін оқыту мен халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын зерделеді.

Алматы облысының Тілендиев ауылындағы Бітімгерлерді дайындау оқу-жаттығу орталығында практикалық іс-қимылдар көрсетілді.

Бірікккен бөлімшенің бақылау-өткізу және қадағалау пункттерінде қызмет атқару, гуманитарлық жүкті алып жүру, маңызды объектілерді күзету, жергілікті халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу және сол аймақты патрульдеу тапсырмаларын пысықтады.

Сарапшылар ұшқышсыз басқарылатын аппараттар бөлімшелерінің іс-қимылын, олардың техникалық мүмкіндіктерін, оларды бақылау және ақпарат жинау қабілетін бағалады.

Инженерлік-саперлік бөлімшелердің мамандары қолдан жасалған жарылғыш заттарды табу және оларды жою іс-қимылдарын орындады.

Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығында болған БҰҰ-ның өкілдері ҚР ҚК әскери қызметшілерінің әскери-медициналық дайындық деңгейін көрді.

Сапардың қорытындылары бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік әлеуетінің әзірлік жүйесінің ілгерілеу мүмкіндігіне, қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен, медициналық, тылдық және басқа да мүлікпен жарақтандырылуына, сондай-ақ Қазақстанның бітімгершілік контингентінің дайындық деңгейіне алдын ала баға берілетін болады.