Кірпіш зауытына 1,8 млрд теңге инвестиция тартылды. 80 тұрақты жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын жыл сайын 40 миллион дана кірпіш өндіріп, облыс қажеттілігінің 30 % қамтамасыз етпек.

«Біздің міндет - жергілікті құрылыс компанияларын өзіміздің өніммен қамтамасыз ету. Алдағы 2-3 айда өңірде құрылыс материалдарын шығаратын бірнеше кәсіпорын іске қосылады», - деді өңір басшысы.