Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды. Оның барысында екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Құжат келесі жаңалықтарды көздейді:

- Қазақстан Қырғызстан азаматы болып саналатын этникалық қазақтарға 20 грант және Қырғызстанның басқа азаматтарына 30 грант бөледі.

- Бідім саласында ынтымақтастықты дамыту.

Осыған дейін Президенттің Түркияға мемлекеттік сапары барысында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған болатын.

Сонымен қатар қазіргі уақытта біз бірқатар басқа елмен келісімдерге келу және білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл туралы алдағы уақытта жазамын.

https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid09JEyQSzPG8HeQNtMXTNoPC7jR9xDGyBpJqoJUxXKPyF5KRYShPpVEd6KVKVzZzRUl