«Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенция - бұл темекінің трансұлттық індетін және болашақ ұрпақты темекіні тұтынумен байланысты тек денсаулық үшін ғана емес, қоршаған орта, экономика, әлеуметтік сала үшін де залалдан қорғауды ескере отырып қабылданған халықаралық келісім. Қазақстан - осы конвенцияның қатысушыларының бірі, көптеген шараларды енгізді. Бұл - қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу, жарнамаға тыйым салу, сатуды ынталандыру және демеушілік. Сондай-ақ әртүрлі темекі өнімдеріне салық салуды күшейту шараларын жоспарлап отыр. Яғни, Конвенцияда көзделген шаралар дәстүрлі темекі өнімдеріне ғана емес, жаңаларына да қатысты. Елдің әл-ауқатының мүддесі үшін әрекет ететін міндеттемелері, «Дені сау ұлт» жобасы және Президент жариялаған Балалар жылы - осының бәрі ел үшін маңызды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Темекі жастарға нақты қауіп төндіреді, өйткені олар темекі шегушілердің аға буынын алмастырады. Темекі индустриясы жаңа электронды түрлерін жасайды, ал бұл жастарды қызықтыратынын білесіздер. Сондықтан еліміздің жас тұрғындарына ерекше қауіп төніп тұр. Біз Қазақстанды қолдауға келдік. Бұл тек елдің өзі үшін ғана маңызды емес, қазақстандық модель үлгісінде көрші мемлекеттерді қолдау мүмкіндігі де болып табылады», - деп атап өтті спикер.