Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың, соның ішінде бірлескен мәдени-гуманитарлық жобаларды, сондай-ақ спорт және туризм саласындағы бастамаларды іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Осы ретте Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерін өткізуге ерекше назар аударылды. Мәдениет күндерінде Қырғызстан өнер шеберлерінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Гала-концерті мен көрмелер, қырғыз театры балет труппасының өнер көрсетуі жоспарланған.

Келіссөздер аясында Дәурен Абаев қырғыз тарапына 1959-1961 жылдары Шолпан-Ата қаласында  қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов тұрған және жұмыс істеген  музей-үйінің сақталуы мен көпшілікке танымал болғаны үшін алғыс айтты, онда жазушының жеке заттары сақталған, сондай-ақ кітапхана жұмыс істейді.

Осыған байланысты 10-шы қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесі аясында Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйде қазақстандық тараптың ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуі туралы келісімге қол жеткізілді.  

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер министрліктер мен елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара қарым-қатынасты растады.