Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап көрсетіліп отырған АӘК-тің негізгі ерекшелігі – бұл ақшалай көмекпен қатар, 1ден 6 жасқа дейінгі баласы бар, тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік топтама беру қарастырылған.  


«Жалпы АӘК-тің уақытша көмек екендігін айта кеткен жөн. Оның бастапқы мақсаты – жұмысқа қабілетті отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ынталанған отбасыларға гранттар беру, кәсіпкерлік бастаманы қолдау, қажет болған жағдайда біліктілікті арттыру курстарына жіберу арқылы кедейлік жағдайынан шығаруға қол жеткізу», – деді Асқар Ниязов. 


Бұл ретте 2020 жылдың қорытындысына сәйкес, 198,4 мың отбасы, оның құрамында 1 млнға жуық адам мемлекет тарапынан АӘК түрінде қолдау шарасымен қамтылды, оның ішінде 160,6 мың отабсы шартты түрде АӘК алған болса, 37,8 мың отбасы шартсыз АӘК қол жеткізді.  


2020 жылы АӘК төлем жүргізуге жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 65,6 млрд теңгені құрады. Бұл жерде 57,5 млрд теңгесі республикалық бюджеттен қарастырылса, 8,1 млрд теңгесі жергілікті бюджет есебінен жүргізілді.  
Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 111,4 мың отбасы немесе 571,1 мың адам АӘК алды.