«АӘК алушылар құрылымында басым көпшілігі балалар үлесіне тиесілі – 63% немесе 623,9 мың адам. 181,6 мың адам – жұмыс істейтін азаматтар; 101,4 мыңнан астам адам – балаларды, қарт адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды күтетін адамдар; 31 мың адам –студенттер, мүгедектігі бар азаматтар – 15 500 астам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыз азаматтар - 23,7 мың адамды құрап отыр. Биылғы 1 мамыр жағдайына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алып отырған 571 мың адамның 63,6%-ы немесе 363,1 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл ретте жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес, АӘК алушы отбасылардың 99%-ында кемінде бір баласы болады. Көмек алушы отбасылар арасында көп балалы отбасылар саны 40%, яғни 44 966 көп балалы отбасы құрайды», – деп атап өтті Асқар Ниязов.