«Электронды еңбек биржасында 41,7 мыңнан астам адамға арналған тұрақты жұмыс орындарына вакансиялар жарияланған. Өз кәсібін ашам деген 20 300-ден астам адамға гранттар қарастырылған. Тиісті қаражат қаралған. Жастар практикасына 20 мыңнан астам жолдама берілмек. Оқу орындарын жаңа бітіріп келген азаматтардың алғашқы жұмыс орны ретінде 3 мың жұмыс орнын субсидиялау көзделген. 36 мың адамға біліктілігін арттыру курстары ұсынылады, 16600 уақытша әлеуметтік жұмыс орындары қаралса, 52 100 аса уақытша қоғамдық жұмыс орындары көзделген. Одан басқа 8100 тарта адамды еңбек күші аз өңірлерге көшіруге субсидиялар бар», - деді ведомство өкілі. 


Оның айтуынша, жұмыспен қамту бойынша қабылданатын шаралардың барлығы азаматтарды жұмыспен қамтуға құқық беру, тұрмысы төмен отбасыларды мұқтаждық жағдайынан шығаруға, мұқтаждық жағдайын алдын ала болжап, тиісті шараларды ұсыну арқылы тұрмыстық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру үшін көзделіп отыр.