«2021 жылдың қазан айынан бастап Ақмола облысының Ақкөл ауданы мен Нұр-Сұлтан қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру басталды. Осы жылдың ақпан айынан бастап пилоттық жобаның географиясы елдің 2 өңірінен 8 өңіріне дейін кеңейтілді. Бұл АӘК көрсетудің ашықтығын көрсету үшін жасалып отырған шара. Нәтижелері көңілге қонымды. Келесі кезеңде, мамырдан желтоқсанға дейін жобаны іске асыруға республиканың 9 өңірін қосу жоспарлануда», – деді Асқар Ниязов. 


Ведомство өкілі қолданыстағы алгоритмге сәйкес мемлекеттік корпорация және мүдделі әкімдіктер АӘК төлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.