«Демократияның пионерлері» кітабының тең авторы ретінде мен референдумның мақсаттарымен толық келіемін және еліміздегі демократиялық қайта құрудың өмірлік маңызды екендігін мәлімдеймін. Қазақстан азаматы ретінде ұлттық мүдделерді іске асыруды көршілеріміздің негізгі саяси ұстанымдары мен іс-қимыл стратегиясын ескере отырып жүргізу керек екенін түсінемін. Менің батыстағы әріптестерім Қазақстанды саяси шешімдерде демократияның жеткіліксіздігі үшін жиі сынға алды, өйткені олардың өз көзқарасы бар, олар біздің құндылықтар жүйесін, сауда-экономикалық байланыстарды ескермейді, географиялық ерекшеліктерімізді түсінбейді, әсіресе, ел аумағы мен шекараның ұзындығын ескермейді. Егер барлық «шлюзді» бірден ашсақ, онда «тұншығып кету» қаупі бар. Біртіндеп қозғалу керек. Біз әр қадам сайын барлық азаматтарымыз үшін лайықты өмір сапасын қамтамасыз ете аламыз. Ол үшін 5 маусымда өтетін референдумға дейін ғана емес, одан кейін де Қазақстанның болашағына жауапты тұрғыдан дәйекті болып қалу қажет. Ең бастысы - босаңсытып кетпеу, және биліктің босаңсуына жол бермеу», - деп атап өтті сарапшы.