Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі қағидалары туралы, сондай-ақ 2022 жылғы 5 маусымда өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті. Өз кезегінде армян тарапы Қазақстанға үдемелі даму мен саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырудың табысты жүргізілуін тілеп, өзге бағыттар бойынша екіжақты және көпжақты қатынастарды одан әрі кеңейтуге дайын екендігін білдірді.
Министр ү.ж сәуір айында өткізілген өңіраралық онлайн келіссөздердің нәтижелілігін атап өтіп, екі ел өңірлері өкілдерінің өзара сапарларын жүзеге асыру жөніндегі бастаманы қолдады. Армян тарапы 2022 жылғы 2 маусымнан бастап «FlyArystan» әуекомпаниясының Алматы-Ереван-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейсін ашудың, сондай-ақ Нұр-Cұлтан-Ереван-Нұр-Cұлтан әуе қатынасын пысықтаудың маңыздылығын айтты. Әңгіме барысында 2022 жылы Ереванда өтетін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысының мәселелері талқыланды.