Нақтырағы, Шымкент қаласы Полиция департаментіне 30 шақты адам алданғаны бойынша арызданған. Яғни, әр бағыттағы қызметке азаматтар 100 мың теңге мен 750 мың теңге аралығында ақы бергені туралы жазып көрсеткен. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 100 млн теңгені құрайды.

Барлық жайттың мазмұны біртектес болғандықтан тәртіп сақшылары жан-жақты жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел-тергеу тобы куәлерден жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, алаяқтардың жүруі мүмкін жерлер жіті қаралады.

Нәтижесінде, алаяқтықты кәсіп еткен алты адамнан құрылған топ анықталды. Оларға қатысты ҚР ҚҚ-нің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда төрт азаматша ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.

Ал бір азаматша Нұр-Сұлтан қаласының сотымен үш жыл алты айға сотты болып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде. Тағы бір айып тағылған күдікті Әл-Фараби аудандық сотынан бой тасалауына байланысты мемлекетаралық іздеуге жарияланған.

Полицейлер алаяқтардың арбауына түскен азаматтардың саны бұдан көп болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды.