Қазақстанның тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен республиканың қоймаларындағы қант қоры шамамен 31 мың тоннаны құрайды. Бұдан бөлек, зауыттарда өңдеуге арналған 36 мың тонна құрғақ қант шикізаты бар. Жолда қосымша 16 мың тонна қант шикізаты бар.

Қант зауыттарындағы өнім өндірісі үздіксіз жүріп жатыр. Ішкі нарыққа  қант жеткізуді «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ жүзеге асырады.

Бағаларды тұрақтандыру үшін зауыттар өңірлердің тұрақтандыру қорларына, сауда желілеріне және жеткізушілерге тиеуді, құрамында қант бар өнімдерді өндірушілерге олардың өтінімдеріне сәйкес жеткізуді жүзеге асырады.

Биыл мамыр айында барлығы 30 мың тоннадан астам жүк тиелді, маусым айында 44,8 мың тонна қант жөнелту жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімді өңірлерге жедел жеткізу үшін мүдделі тараптармен бірлесіп, Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен жүктерді (ақ қант, құрақ қант шикізаты) кедергісіз өткізу мәселесін пысықтап жатыр.

Өз кезегінде 152 вагон қант жақын күндері өңірлерге жеткізіледі. Жергілікті билік орындарына жеткізілетін өнімді жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлесіп, өңірлерге қант пен қант шикізатын кедергісіз жеткізу мәселесі шешілді.

28 мамырдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ облыста стратегиялық тауарды үздіксіз жеткізу үшін өнім тиелген вагондардың өткізілуін ерекше бақылауға алды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен қант тиелген 152 вагон тасымалданады. Бұдан басқа, темір жолмен өңдеуге арналған құрғақ қант шикізаты бар 116 вагон жеткізіліп тасымалданып жатыр. 

Отандық зауыттардың қант өндірісі тарифтік жеңілдік шеңберінде үшінші елдерден жеткізілетін құрақ қант шикізаты негізінде жүзеге асырылады.

Облыс әкімдіктеріне жеткізілетін қантты жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды.

Отандық зауыттарда қант өндірісі тоқтамайды: оны өңірлерге үздіксіз жеткізу жүзеге асырылады, өнім қоры үнемі толықтырылып отырады. 

Үкімет елді қантпен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.