«Бұған дейін Презденттің төрт пакет реформасы болған. Қазіргі реформа сол бұрынғы реформалардың жалғасы. Енді бұл реформалар кешенді үлкен бағдарламаға айналып, конституциялық деңгейде дамып жатыр. Не өзгереді? Біріншіден, Презденттің өкілеттіктері. Президент жағынан да, азаматтық қоғамның дамуы жағынан, заң шығарушы органдардың дамуы жағынан да алып қарасақ, саяси кеңістікте, саяси шындықта түрлі идеологиялар мен көзқарастардың белсенділігі мен бәсекелістігі дамиды. Өйткені, реформалар жүргізілсе, Мәжілісте 98 депутат болады, оның 30%, яғни 29 депутат бір мандатты округтардан мажоритарлы жүйемен сайланады. Бұл кандидаттар партиядан емес, өздерін өздері ұсыну арқылы сайлауға түседі. Сонымен қатар қазіргі саяси белсенділерге немесе балама көзқарастары бар немесе басқа да шешімдерді ұсынғысы келетін азаматтар Парламентте, маслихаттарда басқа депутаттардың алдында ресми түрде  қорғай алады. Бұл өте маңызды. Өйткені саяси бәсекелестікті нығайтады»,- деді ҚСЗИ өкілі.