МИБ-нің ЖС-ден айырмашылығы:

МИБ - бұл коммерциялық емес ұйым  (КЕҰ) болып табылатын заңды тұлға және оған салық салу КЕҰ-да қолданылатын нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. МИБ-тер Әділет министрлігінде тіркелуі және орардың өз жарғысы болуы  тиіс.

Жай серіктестік - бұл пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерінің заңды тұлға құрмай,  тікелей бірлесіп  басқаруы. Тіркеу және жарғы талап етілмейді.

Бүгінде  Алматыда 4 294 көп пәтерлі тұрғын үйді (КПТҮ) қамти отырып, басқарудың 3 983 жаңа нысаны тіркелген, оның ішінде 857 МИБ және 3 126 ЖС, бұл нәтижесінде басқарудың жаңа нысандарына көшуге жататын КПТҮ жалпы санының 60,2% - ын құрайды.

Тұрғын үй саясаты басқармасы қалалық ЖОЛ картасын, тұрғындар арасында жиналыстар өткізу кестесін бекітті. ТКШ реформасы басталғаннан бері эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шамамен 3 500 КПТҮ қамтумен 1 300 жиналыс өткізілді. Сондай-ақ, ZOOM арқылы тұрғындармен 200-ге жуық онлайн-кездесу ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта ТКШ реформасын іске асыруда кейбір проблемалық мәселелер бар:

  • ПИК-тің үйді МИБ- ке, КПТҮ-ге құжаттар мен ақша қаражатын беруден бас тартуы. Бұл мәселелер көптеген жағдайларда сот шешімімен жүзеге асырылады, өйткені басқару органдарының төрағалары қабылдау-тапсыру актісіне өз еркімен қол қоюдан бас тартады.
  • пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум құрамына енгізілмеген үй жанындағы және аула аумақтарын тазартудан бас тартады;
  • ақша қаражатының аз түсуіне байланысты үйлерді күтіп-ұстаудағы қиындықтар

Барлық проблемалық мәселелер бойынша ҚР ИИДМ-ге хаттар жолданды. Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің қаулысы бойынша Алматы қаласы ТКШ реформалау жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізілді.

МИБ және ЖС  құру үшін қандай қадамдар жасау керектігін естеріңізге саламыз:

қадам. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері алдағы жиналыс туралы  (жиналыс өткізілгенге дейін 10 күн бұрын) болулары тиіс.

Жиналыс   меншік иелерінің кемінде 10% - ынан тұратын бастамашыл тобы арқылы шақырылады.

 қадам.  Күн тәртібі белгіленеді:

 - басқару формасын таңдау ( МИБ, ЖС);

- МИБ төрағасын немесе ЖС-тің  сенімді өкілін сайлау (1 жыл мерзімге);

-үй Кеңесінің мүшелерін сайлау (кемінде 3 меншік иесі, 3 жыл мерзімге);

- Тексерушіні немесе тексеру комиссиясын сайлау (кемінде 3 меншік иесі, 3 жыл мерзімге);

- жарғыны бекіту.

 қадам. Жиналысты өткізу.

Меншік иелерінің жартысынан көбі қатысқан кезде шешім қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады.

Кворум болмаған жағдайда жазбаша сауалнама жүргізіледі.

қадам. Жазбаша сауалнама

Пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың жартысынан астамының қатысуымен шешім қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады.

5 қадам.  Дауыс беруді қорытындылаймыз.

Тіркеу және дауыс беру парақтарын қосып, хаттаманы ресімдеу.

қадам. МИБ-ін тіркеу.

"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ тіркеу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі:

- Өтініш;

- жиналыс хаттамасы;

- Жарғының 2 данасы;

- - мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек.

Тіркеу нәтижелері бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.

қадам. Ағымдағы және жинақ шотын ашу.

қадам. МИБ төрағасы жұмыс істеп тұрған басқару органына (ПИК, ПКСК, ПК) және тұрғын үй инспекциясына МИБ-тің құрылғаны туралы хабарлама жібереді.

қадам. Қызметтерді жеткізушілермен және сервистік қызмет субъектілерімен шарттар жасау. МИБ төрағасына мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және қабылдау-тапсыру актісін ұсынады

10 қадам. Өз үйлерін қамқорлықпен және жауапкершілікпен басқару.