Спикердің айтуынша, Қор ауыл мектептерінің түлектеріне, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаларға көмектесетін жоғары білім беру ұйымдарына 360 грант береді. Бағдарламаға Қазақстанның барлық өңірлерінен талапкерлер мен студенттер қатыса алады.

360 гранттың 258-і ЖЖОКБҰ күшімен іріктелетін талапкерлерге беріледі. Қалған 102 грант Қор ұсынған критерийлерге сәйкес іріктелетін білім алып жатқан студенттерге беріледі.