Бағдарлама балалардың туа біткен тамыр патологиясы проблемаларын шешуге бағытталған, оның шеңберінде гемангиома диагнозы бар 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетілетін болады. Бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан: мүгедектігі бар және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ толық емес және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар; мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар және ата-аналарының бірінің мүгедектігі бар балалар жатады.

Бұл бағдарламаның өзектілігі қордың цифрлық платформасына түсетін өтінімдер санына байланысты. Қазақстандықтар қорға туа біткен тамыр патологияларын шетелдік клиникаларда емдеу үшін қайырымдылық көмек көрсетуді сұраған.

Спикердің айтуынша, Ағабек Қарабеков атындағы қордың әлеуметтік медициналық орталығы 1500-ден астам балаға көмек көрсеткен. Осы бағдарлама бойынша 118 бала медициналық көмекпен қамтылады.