Қаңтар оқиғалары кезінде елдің ең тығыз қоныстанған қаласы – Алматы қаласына ең көп шығын келтірілді. Тергеу барысында оқиғалардың мән-жайы анықталуда. 


Спикердің айтуынша, саны 1 мың адамға дейінгі жекелеген топтар халық арасында қорқынышты туғызу үшін мемлекеттік биліктің символы және қала тіршілігінің жедел басқару орталығы ретінде әкімдік пен Президент Резиденциясын мақсатты түрде басып алды. Қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті қамтамасыз етуге кедергі келтіру үшін қылмыскерлермен полиция органдарының ғимараттарына шабуылдар жасалды. Шабуыл жасаудың тағы бір мақсаты ол қару-жарақ, оқ-дәрілер мен қорғаныс құралдарын иемдену болды. 


Шабуылдың маңызды стратегиялық объектілерінің бірі Алматы қаласының әуежайы болды, онда қылмыскерлер ұшу-қону жолағының жарығын өшірді, содан кейін ғимаратты қиратты және тонаулар жасады. 

«5 қаңтарда күндіз Алматы қаласында қылмыскерлер Әуезов ауданы Полиция Басқарамасы және Алмалы ауданының полиция Басқармасы мен бөлімшесінің әкімшілік ғимараттарын басып алуға тырысты. 
Сол күні кешке қарулы топ қалалық Полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады.Олар әр түрлі бағыттардан жүйелі түрде шабуыл жасады, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолданды. Полиция ғимаратын қоршау бір тәуліктен астам уақытқа созылды.
Қала әкімдігінің ғимаратын басып алғаннан кейін қылмыскерлер Президент Резиденциясының ғимаратына көшті.
Шабуылдаудың белсенді кезеңі сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін болды.
Шабуылдаушылар басып алынған арнайы техниканы пайдаланып, ғимараттың қақпасы мен қоршауына кемінде 5 таранды жүзеге асырды.
Шабуылдау кезінде қару дүкендерінен ұрланған қарулар қолданылды.
Тірі қалқан ретінде әкімдікке шабуыл жасау кезінде тұтқынға алынған әскери қызметкерлер пайдаланылды.
Қылмыскерлердің басым көпшілігі алкогольдік және есірткілік мас күйінде болды.
Қараңғы және қалың туманның түсуіне байланысты ғимаратты қорғау мүмкін болмады, өйткені бейбіт тұрғындардың құрбан болу қаупі болды.
Сағат 19.25-те Резиденцияның қоршауы Камазбен алынды және қарулы топ ішке кірді.
Резиденцияны басып алу билікті құлату кезеңдерінің бірі ретінде ойластырылған, себебі мұндай ғимарат пен әкімдікті басып алу қаланың мемлекеттік басқару жүйесінде хаос тудыруы және халықтың өз қауіпсіздігі үшін дабыл қағуы керек болатын.  Әкімдік пен Президент Резиденциясына шабуылдар кезінде қауіпсіздік күштерінің ескертуіне қарамастан, қылмыскерлер қауіп қатерді, оларға қатысты атыс қаруын қолдануды ұғына отырып, ғимараттарға мақсатты түрде шабуыл жасады», - деді спикер. 


Бүгінгі күні Резиденция ғимаратына жасалған шабуылдарға тойтарыс беру кезінде қаза тапқан 12 адам терроризм актілерін жасағаны үшін күдікті деп танылды.  


Ғимараттарды қиратулар, өртеу және қарулы шабуылдар нәтижесінде Алматы қаласы бойынша алдын ала шығын 98 млр. теңгені құрады, оның ішінде 1592 бизнес субьектілеріне 92 млрд теңге залал келтірілді.
Құрылымдық күштердің 9 қызметкері қаза болып, 2 260-ы дене жарақаттарын алды. 


Қылмыскерлердің көрсетілген әрекеттері заң бойынша терроризм актісі ретінде сараланады.