Соңғы үш жылда тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалатын кедендік жете тексеру саны 3 есеге азайды. Бұл өз кезегінде сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушыларға жүктемені азайтуға және  тәуекелі жоғары компанияларды кедендік бақылауға тартуға мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Халықаралық сауданың дамуымен кез-келген мемлекет ерте ме, кеш пе тауарлардың импорты мен экспортын бақылауға міндетті болады.

Ол үшін тауарларды тасымалдау және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу қағидалары әзірленеді, сондай-ақ кедендік бақылау нысандары белгіленеді, олардың бірі кедендік жете тексеру болып табылады.

 «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 413-бабына сәйкес кедендік жете тексеру тауарларға қолданылған кедендік пломбаларды, мөрлерді немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын алып тастай отырып, тексерілетін объектілерді және олардың бөліктерін бөлшектеп немесе тұтастығын бұза отырып,  тауарларды, оның ішінде көлік құралдары мен жеке тұлғаның жолжүгіне қатысты, тауарлардың орамасын, көлік құралдарының жүк орналасатын (бөліктерін), сыйымдылығын ашып тексеріп қарауды жүргізуден және өзге де іс-қимылдар жасаудан тұратын кедендік бақылау нысаны болып табылады.

Кедендік жете тексеру «Кедендік жете тексеру және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 ақпандағы №188 бұйрығымен (бұдан әрі - Кедендік жете тексеру және қарап тексеруді жүргізу қағидалары) регламенттелген кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді алу және тексеру мақсатында жүргізіледі.

Тәуекелдің жоғары санатына жататын сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға назар аудару мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тұрақты негізде мемлекеттік кірістер органдарында бар ақпаратқа талдау жүргізеді (шет мемлекеттердің кеден қызметтерінің ақпараты, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының мәліметтері, көлік құралы қозғалысының сипаттамасыз бағытын пайдалану, ілеспе құжаттарды зерделеу, тауарлардың түпкілікті нәтижеге дейінгі қозғалысы). электрондық шот-фактураларды талдау арқылы қалыптастырады) және сыртқы экономикалық қызметтің тәуекелді қатысушысының портреті қалыптастырылады.

Мұндай мысалдар бірлі-жарым емес екенін атап өткен жөн. Бұл ретте кедендік тәуекелдер өңірге, тауарлардың ерекшелігіне және көлік құралының түріне байланысты өзгеріп отырады.

Жүргізілген жұмыс шеңберінде соңғы үш жылда тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалатын кедендік жете тексеру саны 3 есеге төмендеді, бұл ретте бұзушылықтарды анықтаудың тиімділігі 1,5 есеге артты.

Сондай-ақ, бұл көрсеткішке қол жеткізуге тауарларды жөнелтуші елден келіп түскен мәліметтерді автоматты түрде салыстыру ықпалын тигізді.

Бүгінгі күні, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларды жөнелтуші елдің экспорттық кедендік декларацияларынан онлайн режимде ақпарат алмасу туралы 8 халықаралық шарт жасасты.

Кедендік жете тексеру жүргізетін кеден бекеттерінің лауазымды тұлғалары әрекеттерінің заңдылығын бақылау мақсатында 2021 жылы Комитет кедендік жете тексеру және қарап тексеруді жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, оларға сәйкес кедендік жете тексерудің бейнежазбалары мемлекеттік кірістер органдарының серверлерінде 3 (үш) жыл бойы сақталады.

Бұдан басқа, кедендік жете тексеру жүргізу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының басшылығына тиісті мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында жүргізілетін кедендік жете тексеру жүргізу процесін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін төске тағатын бейнетіркегіштерді қолдану мүмкіндігі іске асырылды.