Жақында «Қазақ геральдикасы» атты кітап жарыққа шығады. Ол 4 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Патриоттар форумында қалың жұртқа таныстырылады. Бұл кітапты жазуға еліміздегі таңбалы тастармен айналысып жүрген ғалымдар атсалысты. Жалпы, «Қазақ геральдикасы» атты кітаптар сериясын шығару жоспарланған. Алдағы уақытта діни геральдика, әскери геральдика деген сияқты түрлі тақырыптарға бөлеміз. Қазақтың әр руында, әр тайпасында, мемлекеттігіміздің, хандығымыздың барлығында таңбалар пайдаланылған. Осы таңбаларды сөйлету және онда жазылғандардың барлығын осы кітапқа түсіру жұмысы - басты бағдарымыз. Бүгінгі таңда геральдика саласында бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынды», -  деді спикер.


Геральдика - тарихи таңбаларды зертте, таңба тану ілімі.