Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қоры шеңберіндегі ықпалдастықты тереңдету мәселелеріне назар аударды.

Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты диалогты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.