Ә.Тұрсынов корей тарапына 2022 жылғы қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің Саммитіне қатысу туралы Корея Президенті Юн Сок Ёльге жолданған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыру хатының түпнұсқасын табыс етті.

Тараптар ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Корея Республикасына 2021 жылғы мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.

Осы тұрғыда дипломаттар кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бірқатар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық іс-шараларға дайындық барысын талқылады.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Азия кеңесі аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар Кеңесті ұйымға трансформациялаудың негізгі аспектілерін және форумның одан әрі институционалдық дамуын талқылады. Корей тарапы бұл процесті қолдап, Азия кеңесінің өңірдегі қазіргі геосаяси ахуал жағдайында ынтымақтастық пен диалог алаңы ретіндегі ерекше рөлін атап өтті.

Тараптар екіжақты және көпжақты тректердегі ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында тығыз байланыстар орнатуға келісті.