Кездесулерде қазақстандық және мажарлық ой-талқы орталықтары арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Ж.Әбдірашов мажар әріптестерін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру жөніндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамалары туралы хабардар етті, сондай-ақ сұхбаттастардың назарына 2022 жылғы 5 маусымда өткізілетін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум туралы жеткізді.

Атап айтқанда, Елші жалпыға бірдей жұмыспен қамтуды арттыру, әлеуметтік әділеттілік, зейнетақымен қамсыздандыруды жақсарту, сапалы білім беру, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениет сияқты мәселелерді шешу үшін қазіргі Қазақстан үшін әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасының қажеттілігін атап өтті.

Мажарстанның сараптамалық институттарының өкілдері Қазақстандағы демократиялық қайта құруларды жоғары бағалап, еліміз үшін практикалық ұсыныстар әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.