Оқу-жаттығудың мақсаты-шектес аумаққа өтуге қауіп төндіретін ірі табиғи өрттерді жою кезінде күштер мен құралдардың практикалық өзара іс-қимылы.

Екі елдің өрт сөндірушілерінің алдында Астрахань облысы Ахтубе ауданының Жоғарғы Басқұншақ елді мекенінің аумағында, төменгі Басқұншақ елді мекеніне, сондай-ақ "Богдинско-Басқұншақ" Мемлекеттік қорығының және Қазақстан Республикасының аумағында шартты өртті жеңу міндеті тұр.

«Өрттердің басқа табиғи апаттар сияқты шекарасы жоқ. Сондықтан апаттарға қарсы тұру үшін бірлескен іс - қимылдарды пысықтау маңызды»", атап өтті Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Сәбит Битаев.

Бірлескен оқу-жаттығуларға Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Астрахань облысы бойынша Бас басқармасы мен Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 154 адам және 41 бірлік техникасы қатысуда.