Конкурсты өткізу кезеңі: 2022 жылдың маусым-қазан айлары. Конкурсқа құжаттар 2022 жылдың 10 маусымынан бастап 30 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында үш жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ соңғы 1 жылда қоғамда теріс пікір тударатын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, 2021 жылға «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы «тиімдіден» төмен емес бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жол беріледі.
Конкурсты өткізу туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында және облыс әкімдіктерінің сайттарында орналастырылған.
Конкурсты өткізудің жалпы ережелерімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады.
Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша аумақтық департаменттердің байланыс телефондарына хабарласуға болады.