НҚА

Орталық референдум комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 32/484 қаулысымен дауыс беру күні республикалық референдумға қатысуы үшін БАҚ өкілдерін аккредиттеу Журналистерді аккредиттеу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығымен бекітілген) 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатыны көзделген.

Анықтама үшін (Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтары)

  1. Уақытша аккредиттеу журналистерге нақты редакциялық тапсырманы орындау үшін немесе тұрақты аккредиттелген журналист ауырған жағдайда, демалыста, іссапарда немесе нақты іс-шараны жариялау үшін қажетті мерзімге беріледі. 
  2. Аккредиттеуші ұйымның жанында журналисті уақытша аккредиттеу үшін бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
  3. Аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілген аккредиттеу туралы өтініш қағаз жеткізгіште тікелей аккредиттеуші органға не электрондық форматта оның ресми интернет-ресурсына беріледі.

Егер өтініш бұқаралық ақпарат құралы редакциясының өкілінен берілген жағдайда, өтінішке аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттан басқа, журналистке аккредиттеу жүргізуге редакция өкілінің өкілеттігін растайтын құжат қоса беріледі.

Уақытша аккредиттеу

Қағидалрда журналистерді уақытша аккредиттеу көзделген.

Аккредиттеу үшін не қажет

Бұл үшін БАҚ өкілдері дауыс беру күні учаскеге келгеннен кейін учаскелік референдум комиссияларына көрсетілген Қағидаларға
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (-тер) береді.

* Өтінішке аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. БАҚ иесі немесе бас редакторы өтініште көрсетілген журналистің БАҚ қызметкері екенін растап, өтінішке қол қоюы керек.