Ержан Еркінбаев биыл Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

«Осы жылдар ішінде Қазақстан мен Грекия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар достық негізде дамып келеді», - деп атап өтті вице-министр.

Бүгінгі таңда қазақстандық фильмдер Грекия аумағында өтетін кинофестивальдерге белсенді қатысады, екі елдің спортшылары түрлі деңгейдегі жарыстарға белсенді қатысады және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

Кездесуде туризм саласындағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды. Айта кетейік, 2022 жылдың 2 маусымында «Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматы – Ираклион бағыты бойынша алғашқы тікелей рейсі іске қосылды.

«Тікелей рейстің іске қосылуы елдеріміздің туризмін дамытуға оң әсер ететініне, сондай - ақ кіру және шығу статистикасын арттыратынына сенімдімін», - деді Ержан Еркінбаев.

Өз кезегінде Эфталия Какиопулу екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді.

Кездесу соңында тараптар экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысына дайындық мәселелерін талқылады.