Аталған жоба ҚР сыртқы және ішкі істер министрліктерімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда және Қазақстанның Анкара, Ыстанбұл және Анталья қалаларындағы шетелдік мекемелеріне жүгінген қазақстандық азаматтарға паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктері (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Корея Республикасы (Сеул қ.), Ресей (Мәскеу қ.), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Өзбекстан (Ташкент қ.) мен Жапониядағы (Токио қ.) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істейді.