Облыста iрiмшiк шығаруға бейiмделген «Eurasian milk» зауыты iске қосылды. 13 млрд.тг инвестиция құйылды. Кәсiпорында қосымша 120 тұрақты жұмыс орны құрылды. Заманауи еуропалық қондырғы орнатылды. Жаңа кәсiпорын жылына 2,5 мың тонна iрiмшiк өндiрмек.

«Бiз сүт зауыттарын шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн жыл сайын 10 ферма салуға мақсат қойдық. Жоспар орындалуда. Былтыр 10 сүт фермасы ашылса, биыл 11 кешеннiң құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейiн 8 ферма iске қосылады. Келесi жылы тағы 10 кешеннiң құрылысы басталады», — деп жазды өңiр басшысы.

«Бүгiн Аққайың ауданы тұрғындары үшiн ерекше күн. Смирновта заманауи спорттық сауықтыру кешенi ашылды. Балалар мен ересектер жыл бойы жайлы жағдайда спортпен айналыса алады. Осылайша, аудан орталықтарында 6 жаңа спорт кешенi салынды», — деп жазды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Тағы 4 кешеннiң құрылысы жүрiп жатыр. Жалпы облыс аудандарында барлығы 10 заманауи спорт кешенi болады. Жаңа спорт нысандарының ашылуы балалар мен жасөспiрiмдер спортын жүйелi түрде дамытуға мүмкiндiк бередi.