«Орталық пен оның филиалдары өзінің өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізді. Республика бойынша оннан астам өңірде 300-ге жуық онлайн және оффлайн форматта оқыту жүргізілді. Соның барысында біздің өкілдеріміз, қоғамдық бақылау тетіктерімен танысып, қоғамдық байқау үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін үздік әлемдік стандарттар шеңберінде білім алды. Біз дауыс берудің күрделілігін түсінеміз, сондықтан осы үрдіске қатысты заңнамалардың нормаларын білетін және де өзінің құқықтары мен міндеттерін нақты түсінетін тәжірибелі жауапты адамдарға сүйенеміз. Тіпті қатарында 1995 жылғы референдумға қатысқандары да бар. Бұл өз кезегінде дауыс беру үрдісін объективті және әділ бағалауға мүмкіндік береді», - деді Партиялық емес бақылау орталығының төрағасы.