«Бұл жөніндегі 3 маусымда Бас прокурордың үндеуі БАҚ-тарда жарияланды. Орталық деңгейде де, жергілікті жерлерде де референдум комиссияларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен тұрақты байланыс орнатылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Референдумның заңдылығын қамтамасыз ету жұмысы одан әрі жалғасады», - деді спикер.