Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин дауыс беру кезінде.

Ерлан Қарин дауыс беруден кейін журналистерге түсініктеме берді

«Менің ойымша, еліміздің әрбір азаматы өз таңдауын жасауы керек. Мен де өз таңдауымды жасадым.

Мен 1995 жылы өткен референдумға қатыстым. Сонда мен студент едім. Бастамашыл топтың құрамында халыққа Конституцияның маңыздылығын түсіндірдік. Бүгін мен әйелім мен қызыммен учаскеге келдім. Өкінішке орай, басқа балалар әлі 18-ге толмаған, олар үйде қалды. Әрине, біз үйде, дастархан басында референдум өткізу идеясын, қолға алынып жатқан өзгерістерді талқыладық. 

Менің ойымша, қазіргі референдумның ерекшелігі – жастардың өте үлкен қызығушылығы, қызығушылық танытқан жас жігіттер талқылап жатыр», - деді Мемлекеттік хатшы.

#Janaqazaqstan #Конституция2022 #janaqazaqstan @referendum2022_kz